КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

КІРІСПЕ

Білім беру және денсаулық сақтау – қоғамның әл-ауқатының негізі. Сондықтан Kusto Group Алматыда High Tech Academy мектебін құрып, Kusto Help қайырымдылық қоры аясында қолдау бағдарламаларының кең спектрін іске асыра отырып, екі салаға да инвестиция салады.

Алматыдағы High Tech Academy жобалық оқыту саласындағы көшбасшы болып табылады және оқуға жаңа көзқарасты ұсына отырып, озық білім беру әдістемелерін пайдаланады. Инновациялық кампуста балаларға – балабақша тәрбиеленушілерінен бастап орта мектеп оқушылары мен оқытушыларға дейін әлемдік деңгейдегі жағдайлар жасалған. Академияда 540-тан астам бала оқиды.

Kusto Help қайырымдылық бағдарламасы аясында пандемия кезінде халық пен ауруханаларды қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Нәтижесінде жергілікті қауымдастықтар азық-түлік жиынтығынан бастап медициналық жабдықтар мен жедел жәрдем машиналарына дейін қажет нәрсенің бәрін алды.

High Tech Academy және Kusto Help туралы толығырақ төменде оқи аласыз.

High Tech Academy

2019 жылы Алматыда Еркін Тәтішев Қазақстанда білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді тәжірибеге енгізуге бағытталған озық оқу орталығын құруға ұмтыла отырып, High Tech Academy құрды. Біздің құрылтайшымыз бен бас директорымыздың толыққанды білімге қол жеткізудің және жаңа ұрпақ үшін болашақты қамтамасыз етудің ерекше маңыздылығына деген сенімі жобаға күшті серпін берді.

Оқу бағдарламасында жобалық тәсіл саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге ерекше назар аударылады, өйткені оның негізінде балалар мектепте нақты тәжірибе ала отырып, сыни ойлау мен командада жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Академия жаңа цифрлық көпмәдениетті әлемде шығармашылықпен және жаһандық тұрғыдан ойлауға дайын азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған жан-жақты білім беруді ынталандырады. Оқушылар әр түрлі өнер және спорттық іс-шараларға қатысады: мектепте бассейн, спорт залы, өнер орталығы және музыка сабақтары бар. Ең жаңа жабдықтар, соның ішінде жабдықтың 90-нан астам түрі бар FabLab зертханалары балаларға пәндерді толық зерттеуге мүмкіндік береді.

Parviainen Аrkkitehdit фин сәулет бюросының жобасы бойынша салынған ғимараттарда 540 оқушыға арналған балабақша, бастауыш және орта мектептер орналасқан.

Толығырақ

High Tech Academy СЕРІКТЕСТЕРІ

Kusto Help

Әлем COVID-19-ға тап болған кезде, біз ең үлкен тәуекелге ұшыраған адамдарға қолдау көрсету қажеттілігін тез түсіндік. 2020 жылдың сәуір айында біз Kusto Help қайырымдылық жобасын іске қостық, оның мақсаты – бүкіл Қазақстан бойынша медицина қызметкерлері мен осал отбасыларға материалдық көмек көрсету.

Құрылған сәттен бастап Kusto Help жобасы пандемия кезінде жергілікті тұрғындар мен медицина қызметкерлерін қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсап, ондаған мың адамды қамтыды. 12 мың аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтығын алды, өмір сүру жағдайларын жақсартты және білімге қол жеткізді. Біз жергілікті ауруханаларға арналған екі жедел жәрдем көлігін, балалар үйіне арналған шағын автобусты және Қазақстанның 100-ге жуық ауруханасына 400 млн теңгеге жуық сомаға жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді ұсына отырып, пандемиямен тікелей күреске өз үлесімізді қостық. Сонымен қатар, емдеу мекемелері 80 тонна ет алып, дәрігерлер мен науқастарды қажетті тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған 155 медицина қызметкерінің отбасына әрқайсысына 1 миллион теңгеден жәрдемақы берілді.

Біздің жобаларымызды табысты іске асырудың негізгі факторы – жергілікті волонтерлік ұйымдармен ынтымақтастық. Олар дәрігерлерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетімдерге, зейнеткерлерге және мүгедектерге Kusto Help көмегін жеткізуге көмектесті. Аружан Саин қайырымдылық қоры, Zello Help Aktobe және басқалары сияқты ұйымдар пандемия кезінде нағыз батырларға айналды.

Kusto Help қызметі көбінесе қиындықтар мен қомақты шығындарды қамтығанымен, оның қоғам өміріне тигізетін орасан зор оң әсері барлық күш-жігерді толығымен ақтайды. Тынымсыз жұмыс арқылы біз осал отбасылар мен медицина қызметкерлеріне COVID-19-бен күресуде көмектесу мақсатымызға қол жеткіздік. Сонымен қатар, қайырымдылық жобасы Kusto қызметкерлерін біріктірді. 2020 жылдың 30 қыркүйегінде Kusto Help жобасы Қазақстан Президенті атап өткен алты жобаның бірі болған кезде олардың қосқан үлестерінің маңыздылығы мойындалды.

Carousel items

  • Image Description
  • Image Description
  • Image Description
  • Image Description
  • Image Description
  • Image Description