Kusto Logistics Management: Қазақстанның логистикалық нарығындағы жаңа ірі ойыншы

2024 жылғы ақпанда Kusto Group халықаралық холдингінің құрамына кіретін Kusto Logistics Management ЖШС компаниясы МКС Logystics ЖШС қазақстандық логистикалық компаниясында бақыланантын үлесін сатып алды. Бұл мәміле Kusto Group-қа Қазақстанның логистикалық қызметтер нарығына ірі қатысушы ретінде кіруге мүмкіндік береді.

МКС Logystics ЖШС нарық көшбасшыларының бірі болып табылады және 18 жыл бойы Қазақстан мен Өзбекстан нарығындағы ірі компаниялар үшін жүктерді қабылдау, өңдеу, сақтау және тасымалдау (3PL+ форматы) бойынша аутсорсингтік логистикалық қызметтердің кең тізбесін көрсетіп келеді. Компания Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе және Ташкент қалаларында орналасқан жалпы ауданы 200 мың шаршы метрден асатын 16 қойма кешенінде жұмыс істейді.

2024 жылғы қаңтарда тараптар бизнесті дамыту үшін МКС Logystics ЖШС меншікті капиталын ұлғайтуға, соның ішінде логистикалық қызметтер спектрін кеңейтуге, жергілікті көлік тасымалдарына, логистикада инновациялық технологияларды енгізуге, WMS (Warehouse Management System) IT-платформасын жаңғыртуға, фулфилмент қызметтеріне және т.б. инвестициялады.

Осы серіктестік шеңберінде Kusto Group табысты халықаралық тәжірибе әкеледі, бұл компанияға дамудың жаңа деңгейіне шығуға көмектеседі, қаржылық сенімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді, бұл, әрине, клиенттердің сеніміне әсер етеді.

2023 жылдың екінші жартысында Kusto Logistics Management ЖШС "Kusto Logistics" ЖШС еншілес компаниясы арқылы магистральдық логистика қызметтерін дамытуға инвестиция салды, ол қазірдің өзінде табысты дамып келеді және меншігінде контейнерлерді тасымалдауға арналған 190 фитинг платформасы бар. Алдағы уақытта жергілікті және халықаралық теміржол және автотасымалдарды ұлғайту үшін жылжымалы құрамның жеке паркін кеңейту, сондай-ақ өнеркәсіптік логистика қызметтерін дамыту жоспарлануда.

Kusto Logistics Management ЖШС-нің стратегиялық мақсаты қойма және теміржол терминалдарының инфрақұрылымы арқылы біріктірілген магистральдық теміржол және автотасымалдар мен жергілікті логистиканы қамтитын бірыңғай экожүйені құру болып табылады.

Инфрақұрылымды дамыту үшін 2024-2026 жылдар ішінде Қазақстанның ірі қалаларында контейнерлік терминалдардан, А және В класты қоймалардан тұратын, жалпы ауданы УСҚ аймақтарымен 100,000 шаршы метрден астам жеке логистикалық орталықтар, озық технологиялармен, жабдықтармен және автоматтандыру жүйелерімен фулфилмент-орталықтар салу жоспарлануда

Мұның бәрі клиенттерге алдыңғы озық технологиялар мен стандарттарды пайдалана отырып, логистикалық қызметтердің кең тізбесін қолжетімді етуге мүмкіндік береді, бұл тұтастай алғанда олардың сапасының, ассортиментінің деңгейін арттырады және Қазақстан мен Орта Азияның логистикалық саласын дамытуға серпін береді.