KazBeef

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Image description here

KazBeef – Қазақстанда үздік мәрмәр сиыр етін өндіруді қамтамасыз ететін компаниялардың тігінен интеграцияланған тобы. KazBeef бренді «фермадан үстелге дейін» тұжырымдамасына адалдығын сақтайды, бұл барлық технологиялық кезеңдерде өнім сапасына үнемі назар аударуды білдіреді.

KazBeef компаниялар тобы бұл:

  1. Қазіргі заманғы ет өңдеу кешені

    KazBeef өндірістің барлық кезеңдерінде NAMP ет өңдеу стандарттарын және FSSC 22000 азық-түлік қауіпсіздігі сертификаттарын пайдаланады. Зауыттың өнімділігі жылына 5 мың тонна мәрмәр сиыр етін құрайды.

  2. Сенімді ауылшаруашылық тәжірибесі

    12 мың басқа арналған жеке фермада GAP (Good Agricultural Practice) сертификаты бар. Канададық Feedlot Health Management Services сияқты индустрия көшбасшыларымен ынтымақтастық KazBeef-ке өңірде мал шаруашылығына инновациялық және экологиялық қауіпсіз тәсілді іске асыруға мүмкіндік береді.

  3. Жоғары технологиялар

    АҚШ-тан әкелінген Ангус тұқымының 3 мың аналық сиырынан бұзау өсірудің сәтті тәжірибесі.

  4. Құнарлы жер

    Фермаға арпа, жүгері және басқа да дақылдарды өсіруге арналған 30 мың гектардан астам егістік жерлер.

Барлық өндірістік процестер автоматтандырылған, бұл жануарларды жеке басқаруға мүмкіндік береді және толық ашықтықты қамтамасыз етеді. Біз өз өнімдерімізді Қазақстанда сатамыз, сондай-ақ Орталық Азия мен Таяу Шығыстың өңірлік елдеріне экспорттаймыз.

Толығырақ

Agriculture
Agriculture
Agriculture
Agriculture
Agriculture
Agriculture